Астана, 2024 жылғы 10 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Киитуметси Сиипило Тандека Мэттьюстің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Ә.Бақаев Африка құрлығының халықаралық аренадағы рөлінің артуы аясында Қазақстан-Оңтүстік Африка қатынастарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Оңтүстік Африка Елшісі К.Мэтьюс Астана мен Претория арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын белгілеп, алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралардың кестесін қарастырды.