Колумбия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Колумбия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Астана, 2024 жылғы 18 наурызСыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Колумбия Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы ретінде жаңа тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Эктор Аренас Нейраннаң сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Қ.Омаров Оңтүстік Америкадағы Қазақстан Республикасы үшін Колумбиямен әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, мәдени-гуманитарлық саладағы, соның ішінде испан тілін үйренудегі табысты өзара іс-қимылды атап өтті.

Тараптар әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты, соның ішінде саясат, сауда-экономика, инвестиция және көпжақты өзара іс-қимылды талқылады.

Қ.Омаров Колумбияның жаңа Елшісі Э.Нейраға сәттілік тілеп, оның жауапты миссиясы барысында жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Өз тарапынан колумбиялық дипломат жылы қарсы алуды жоғары бағалап, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелердің барлық кешені бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.