Ауғанстан бойынша Еуропалық Одақ – Орталық Азия форматындағы 5-ші отырыс өтті

Ауғанстан бойынша Еуропалық Одақ – Орталық Азия форматындағы 5-ші отырыс өтті

Бішкек, 2024 жылғы 14 ақпан – Ауғанстан бойынша Еуропалық Одақ – Орталық Азия форматындағы 5-ші отырыс өтті. Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының басшысы Роза Отынбаева қатысты.

Кездесу барысында Ауғанстандағы жағдай бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу орын алды. Бұл елдің де-факто үкіметімен өзара іс-қимылдың тиімді жолдарын іздеуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан делегациясының басшысы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Талғат Қалиев кездесуге қатысушыларды Қазақстанның Ауғанстанмен сауда және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы көзқарасымен таныстырды.

Сонымен қатар, жиналғандар БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша жуырдағы баяндамасын жоғары бағалап, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Ауғанстан бойынша БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі лауазымын құру туралы бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.