Қазақстан СІМ басшысының Тәжікстан және Қырғызстан СІМ басшыларымен телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан СІМ басшысының Тәжікстан және Қырғызстан СІМ басшыларымен телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбаттар барысында 2023 жылы екіжақты ынтымақтастықтың қорытындылары, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы диалог пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, сондай-ақ 2024 жылға арналған алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.