ҚР СІМ басшысы Ресейдің Елшісін қабылдады

ҚР СІМ басшысы Ресейдің Елшісін қабылдады

Астана, 2023 жылғы 26 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.

Екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын айтып, олардың нығаюына аса жоғары және жоғары деңгейдегі сенімді саяси диалог пен белсенді өзара іс-қимыл ықпал ететінін атап өтті.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің өзара сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша 2023 жылы атқарған бірлескен жұмыс қорытындыланды.