Қазақстан мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

Ар-Рияд, 2023 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан-Сауд үкіметаралық комиссиясының аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Әбділмажид бин Рашед әс-Самаримен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың өкілдері екіжақты қатынастарды нығайтуға өзінің оң үлесін қосатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Аталған Келісім әрбір жарты жылда 90 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босатады. Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Осы Келісім ережелері Сауд Арабиясына діни қажылық жасау мақсатында келетін Қазақстан азаматтары – дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне қолданылмайды. Бұл ретте, олар осындай мақсаттарға арнайы берілетін визаны алуы тиіс екенін атап өту қажет.