Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Жапониямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Жапониямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана, 2023 жылғы 7 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Алдағы бірлескен іс-шаралардың күн тәртібіне, оның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.