Қазақстандық делегация ҰҚШҰ СІМК, ҚМК және ҚКХК бірлескен отырысына қатысты

Қазақстандық делегация ҰҚШҰ СІМК, ҚМК және ҚКХК бірлескен отырысына қатысты

Минск, 2023 жылғы 22 қараша – Қазақстан Республикасының делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.

Іс-шара барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери-саяси жағдай және Ұйымның сессияаралық кезіндегі қызметі талқыланылды. Қатысушылардың ерекше назары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің мәселелеріне аударылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз сөзінде ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ҚР ұстанымын белгілеп, барлық мүше мемлекеттердің мүддесі үшін Ұйымды үдемелі дамыту бағытын жалғастыруға Қазақстанның дайын екендігін білдірді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 23 қарашада Минскіде ҰҚШҰ Саммитінде мемлекет басшылары қарастыратын құжаттардың жобалары келісілді.

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатында өзара іс-қимылдың маңыздылығы көрсетілген бірлескен мәлімдеме қабылдады.

СІМК, ҚМК және ҚККХ кезекті отырыстары 2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасында өтеді.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және оның құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым.