ҚР СІМ-де Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды

ҚР СІМ-де Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды

Астана, 2023 жыл 2 қараша  – Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық Саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевті қабылдады.

Кездесу барысында Министр М.Нұртілеу Қазақстан Ұйымды құру бастамашысы ретінде түркі интеграциясы мәселесіне ерекше көңіл аударатындығын атап өтті. Мерейтойлық іс-шараны дайындау бойынша ТМҰ Хатшылығының жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат 2023-2024 жылдарға арналған Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығының тұжырымдамасы жөнінде баяндады.

Өз кезегінде, Бас хатшы К.Омуралиев ТМҰ-ның ағымдағы қызметі туралы айтып берді. Мерейтойлық форум Ұйым тарихының жарқын оқиғасы болатындығы туралы пікір білдірді. Келешектегі ТМҰ Төрағасы ретінде Қазақстанмен тығыз ынтымақтасуға дайындығын білдірді.

Сонымен қатар, тараптар саясат, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың даму преспективаларын талқылап, экономикалық байланыстарды күшейту қажет екеніне келісті.