Қазақстан СІМ басшысының ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасымен телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан СІМ басшысының ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасымен телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Солтүстік Македония Сыртқы істер министрі Буяр Османимен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбаттастар 2023 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында Скопьеде өткізуге жоспарланып отырған ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-шы отырысына дайындық барысын талқылады. М. Нұртілеу қазақстандық делегацияның алдағы іс-шараға қатысуға дайындығын растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Ұйым кеңістігіндегі маңызды келіссөздер алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ рөлін нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.