Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының алтыншы отырысының коммюникесі

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының алтыншы отырысының коммюникесі

Ашғабад, 2023 жылғы 11-13 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының (ЖДЖТ) алтыншы отырысы өтті.

Келіссөздерге Әзірбайжан Республикасының (басшысы – С.А. Шарифов), Иран Ислам Республикасының (басшысы – А. Джахангири), Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы – М.И. Петраков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты.

Отырысты түрікмен делегацияның басшысы М.Г. Атаджанов төрағалық етті.

Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісімнің жобасын талқылауды жалғастырды және оның бірқатар ережелерін келісті. Осы құжатты талқылау ЖДЖТ-ның келесі отырысында жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, отырыста Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындық мәселелері талқыланды.

Делегациялар өткен келіссөздердің нәтижелеріне оң баға беріп, отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Түрікменстанға ризашылықтарын білдірді.

ЖДЖТ-ның келесі отырысы Әзербайжан Республикасында өтеді.