Қазақстан Елшісі Бруней-Даруссаламның Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Бруней-Даруссаламның Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

Бандар-Сери-Бегаван, 2023 жылғы 12 тамыз – Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Болат Сүгірбаев Бруней-Даруссаламның Сұлтаны Хасанал Болкиахқа сенім грамоталарын табыс етті.

Қазақстандық дипломат Сұлтанға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізді.

Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастардың келешегін, соның ішінде сауда-экономикалық, туризм және көлік салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.

Салтанатты іс-шара барысында Елші Брунейдің Екінші Сыртқы істер министрі Эриван Юсуфпен де кездесу өткізіп, екі ел арасында визасыз режим туралы келісімге қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.