Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана, 2023 жылғы 10 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен кездесті.

Кездесу барысында Түркі әлемінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы және түркі мемлекеттері арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру жолдары талқыланды.

Қор президенті Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысын осы қаржы мекеменің ағымдағы қызметі мен алдағы жоспарлары туралы хабардар етті. Қордың жұмысы мүше мемлекеттердің бизнес-қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты сапалы кеңейтуге бағытталған.