АҚШ және Орталық Азия елдерінің сапаршылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

АҚШ және Орталық Азия елдерінің сапаршылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Астана, 2023 жылғы 1 маусым – Қауіпсіздік саласында маманданған АҚШ және Орталық Азия елдері сарапшыларының қатысуымен қауіпсіздік жөніндегі С5+1 жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан тарапынан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев әріптестерді Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Отырыс барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, оның ішінде физикалық және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасылды.