Қазақстан, Бельгия және Нидерланд консулдық саладағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуді талқылады

Қазақстан, Бельгия және Нидерланд консулдық саладағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуді талқылады

Астана, 2023 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасы, Бельгия Корольдігі мен Нидерланд Корольдігінің консулдық департаменттерінің өкілдері арасында бейнеконференция форматында кездесу өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту перспективасын талқылады. Атап айтқанда, қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату мәселесі көтерілді.

Келіссөздер нәтижесі бойынша мемлекеттердің консулдық саладағы қатынастарды нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.