БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілінің Қазақстанға ресми іс-сапары туралы

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілінің Қазақстанға ресми іс-сапары туралы

Астана, 2023 жылы 11 сәуір – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Ашита Митталмен елімізге ресми іс-сапары аясында кездесті.

Қ. Омаров құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық жүйелерді реформалау, қақтығыс аймақтарынан оралғандарды реабилитациялау және реинтеграциялау, киберқылмыспен күресу салаларда БҰҰ ЕҚБ-мен белсенді ынтымақтастықты құптады.

А. Митталдың айтуынша, «Қазақстан – өңірдегі практикалық білім мен тәжірибе банкі», және де оларды көрші елдерде тарату мен пайдалану маңызды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен басымдықтарын, сондай-ақ 2022-2025 жылдарға арналған БҰҰ ЕҚБ Орталық Азияға арналған бағдарламасы шеңберіндегі жаңа жобалар мен бірлескен іс-шаралар жоспарларын талқылады.

А. Миттал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы реформаларды және еліміздің өңірдегі рөлін жоғары бағалады, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ-ның оларды ілгерілетуге ықыласын білдірді.

Тараптар Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының жұмыс істеуінің, Қазақстанның 2020-2023 жылдарға арналған БҰҰ Есірткі заттары жөніндегі комиссиясына мүшелігінің, БҰҰ-ның биыл Қазақстанда Адам саудасымен күресу жөніндегі халықаралық конференциясының өткізуінің, сондай-ақ Қырғызстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың әлеуетін дамыту жөніндегі жаһандық бастама (GRACE) жобасының жүзеге асыруының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас жемқорлық, терроризмге қарсы күрес және т.б. мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Аймақтық өкіл бастаған БҰҰ ЕҚБ делегациясы сапары аясында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен де кездесулер өткізді.