Иранның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Иранның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Астана, 2023 жылғы 31 наурыз  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Али Акбар Джоукардан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Қ. Тумыш Иранның Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтап, жоғары деңгейде қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Өз кезегінде Иран Елшісі екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Иран ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселерді және өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Сонымен қатар, сұхбаттастар екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.