Астанада Қазақстан-Моңғолия қатынастарының мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан-Моңғолия қатынастарының мәселелері талқыланды

Астана, 2023 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады.

Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты.

Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын атап өтті.