
Балаларды ерте дамыту институты директорының орынбасары Ерманова Мария Наятовна Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшем шарттарын апробациядан өткізу бойынша ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні Шымкент қаласы Білім басқармасының Мектепке дейінгі дамыту орталығының директордың у.м.а Салтанат Бортайқызы мамандарымен бірге мектепке дейінгі білім мекемелеріне №56 «Тұлпар», №68 «Балауса» бөбекжай-бақшаларына және ЖШС «Алтын шаңырақ-1 Айгерім мектеп -бөбекжай-бақша кешенінде» пилоттық жоба, апробация барысымен танысып, бақылау жүргізілді.
Жұмыс барысында жобамен жұмыс жасап жатқан негізгі “Балдәурен” мектепалды тобының заттық дамытушы орталықтағы жұмыстармен танысып, ұлттық бұрышқа тоқталып, балалардың ұйқыдан тұру сәті және еркін ойын барысын зерделеді. «Қызғалдақ» мектепалды және «Жұлдызша» ортаңғы топтарының ұйымдастырылған іс-әрекеттері, режимдік сәттері, дамытушы орталықтарындағы жұмыстармен танысты.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтерімен апробация барысында ұсынылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшем шарттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және де жүргізілген аралық бақылау нәтижелері бойынша педагогтердің ұсыныстары тыңдалды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшем шарттары талқыланып, «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары жобасының жұмысын айқындап, пилоттық жоба бойынша туындаған мәселелері мен оларды шешу жолдары ұсынылып, маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар мектепке дейінгі дамыту орталығының әдіскерлері, бөбекжай-бақша педагогтерінің қатысуымен пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.