СІМ-де Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

СІМ-де Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Астана, 2022 жылғы 27 желтоқсанда – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті, 19-отырысы өтті.

Комиссия қызметінің мақсаты – ядролық, химиялық және биологиялық қаруды таратпау саласындағы біздің халықаралық міндеттемелерімізді орындау және еліміздің басшылығының жаһандық бастамаларын іске асыру бойынша ҚР мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру.

Комиссия елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың қатысушы-мемлекеттердің Үшінші кездесуге төрағалығы бойынша дайындық мәселелерін қарастырды.

Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары бұдан бұрынғы отырыста берілген тапсырмалардың орындау барысы туралы хабарлап, келесі кезеңге міндеттер анықтады.