Грузияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Грузияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Астана, 2022 жылғы 1 желтоқсан -  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Николоз Лалиашвилимен сенім грамоталары көшірмелерін тапсыруына байланысты кездесті. 

Кездесу барысында сындарлы саяси диалогта, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мен кеңейтуде көрініс тапқан достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухындағы Қазақстан-Грузия қатынастарының үдемелі дамуы атап көрсетілді. 

Министрдің орынбасары ү.ж. 9 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тауар айналымының 7 есеге өсіп, 420 млн АҚШ долларын құрағанын баса айтты. Осыған байланысты бұл қарқынды сақтаудың маңыздылығы, оның ішінде Қазақстан-Грузия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырыстарын тұрақты түрде өткізу және сауда миссияларымен алмасу атап өтілді.