Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының 100-ші отырысын өткізу туралы

Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының 100-ші отырысын өткізу туралы

2022 жылғы 14-19 қараша кезеңінде Ташкент қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған Шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады.

Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.

Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті.