ҚР СІМ-де ШЫҰ Бас хатшысымен кездесу өтті

ҚР СІМ-де ШЫҰ Бас хатшысымен кездесу өтті

Астана, 2022 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кезектен тыс президенттік сайлауда ШЫҰ байқаушыларының миссиясын басқаратын Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді.

Чжан Мин ШЫҰ елдері әлеуметтік-саяси трансформацияның және «Әділетті Қазақстанды» құруының белсенді процестерін мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

М.Тілеуберді ШЫҰ қызметінің түрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы және 2023-2024 жылдары ҚР-дың ШЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық барысы туралы хабардар етті.