Астана, 2022 жылғы 22 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді өзінің құттықтау сөзінде 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларация тарихта еліміздің тәуелсіздігін құру жолындағы алғашқы маңызды қадам ретінде сақталғанын атап өтті.
Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Жаңа Әділ Қазақстанды құруға қатысатын дипломаттардың айрықша рөлін атап өтті.
«Биыл отандық дипломатиялық қызметке 30 жыл толды. Аға буын өкілдерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде «сыртқы істер министрлігінің рухы» қалыптасты, сыртқы саяси ведомствосының дәстүрлері мен дипломатиялық қызметтің негіздері қаланды», – деп атап өтті Министр.
М. Тілеуберді әлемдегі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, Астанада бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар табысты өткізілгеніне назар аударды. Олардың қатарында – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі, Рим Папасы Франциск пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарлары, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің 6-шы саммиті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кеңесі, «Орталық Азия +» форматындағы кездесулер және әлемдік көшбасшылар қатысқан басқа да бірқатар маңызды іс-шаралар.
Мемлекетіміздің сыртқы саяси қызметіне белсенді қатысқаны үшін Министр бірқатар басшыларға, қызметкерлерге, қазақстандық дипломатиялық қызмет ардагерлеріне, сондай-ақ жас дипломаттарға мемлекеттік наградалар, ҚР Президентінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын, ведомстволық және мерейтойлық медальдарды табыс етті.
«Құрмет» орденімен Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы Искандер Айсариев, Америка департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов, Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Асқар Шоқыбаев, ҚР Құрмет грамотасымен Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева марапатталды.
Сонымен қатар, АӨСШК-ті нығайту мен дамыту процесіне қосқан үлесі үшін Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының бірқатар өкілдеріне АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 30 жыл» мерейтойлық медальдарды табыс етті.