Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы туралы

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы туралы

Астана, 2022 жылғы 15 қазан - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қырғызстанның Қазақстандағы Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай қос мемлекет басшыларының құттықтау жолдауларымен алмасты, сондай-ақ қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан екі бауырлас халықтың ғасырлар бойы достық пен тату көршілік, терең мәдени-рухани байланыстарына негізделген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.