Қазақстан мен Армения арасында саяси консультациялар өтті

Қазақстан мен Армения арасында саяси консультациялар өтті

Ереван, 2022 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев және Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарян екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша саяси консультациялар өткізді.

Тараптар достық пен өзара құрмет рухында қазақстандық-армян қарым-қатынастарының үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін елеулі резервтердің болуын атап өтті. Осыған байланысты нақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру үшін қосымша күш-жігер жұмсауға келісті.