
Астана, 2022 жылғы 28 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ қарусыздану саласындағы стипендиаттарымен кездесу өтті.
Бұл бағдарлама жыл сайын БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өткізіледі және әлемнің өздерінің кәсіби мансабын одан әрі қарусыздану тақырыбымен байланыстыратын 25 елінен жас дипломаттар үшін арналған.
Кездесуде сөз сөйлеген ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Қайрат Саржанов БҰҰ стипендиаттарын Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы өзекті бастамалары мен ағымдағы басымдықтары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев қатысушыларды қазақстандық антиядролық қозғалыстың тарихи аспектілерімен және қарусыздану тақырыбының еліміз үшін маңыздылығымен таныстырып, ел басшылығының ядролық қаруды таратпаудың жаһандық қозғалысын нығайтуға ықпал еткен маңызды шешімдеріне назар аударды.
Іс-шара соңында Семей сынақ полигонының (ССП) жабылу тарихына арналған «Жел қайда соқты» (Where the Wind Blew) деректі фильмі көрсетілді.
Бұл сапар бағдарлама жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанға бесінші рет өткізіледі. Бұған дейін стипендиаттардың ҚР-ға танысу сапарлары 2013, 2015, 2017 және 2019 жылдары өткізілген болатын.
Сапар аясында 24-28 қыркүйек аралығында стипендиаттар Курчатов қаласына (Абай облысы) барып, ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметімен танысты, ССП аумағы, КТМ қазақстандық материалтану токамагы КТМ, №27 зертханалық корпусы мен Семей полигоны тарихының экспозициялық залына барды.