Қазақстан СІМ жанындағы Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында мүгедектердің құқықтарын қорғау және әйелдердің мемлекет істеріне қатысу мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ жанындағы Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында мүгедектердің құқықтарын қорғау және әйелдердің мемлекет істеріне қатысу мәселелері талқыланды

Астана, 2022 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының (ККО АӨДА)  кезекті отырысында Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын орындау, сондай-ақ әйелдердің, оның ішінде мүгедектігі бар әйелдердің мемлекет істерін басқаруға қатысуы туралы ұлттық баяндаманы қорғау дайындық мәселелері қарастырылды.

Іс-шара ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен өтті. Өз сөзінде ол мүгедектердің құқықтарын қорғау тақырыбы қоғам үшін өткір және толқытатын болып қала беретінін, ал диалог алаңының бүгінгі отырысы мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасында «сағаттарды теңестіруге» жақсы мүмкіндігін беретінің атап өтті.

Осы мәселе бойынша мемлекеттік органдар тарапынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі баяндама жасады, ол ұлттық заңнаманы жетілдіру және мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоның реформалары бойынша жұмысы туралы баяндады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева өз тарапынан қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының жүзеге асырылған бастамаларына аударды, оның аясында елімізде сайланбалы қызметке ұсыну кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін квота енгізілді. Л.Қалтаева мүмкіндігі шектеулі адамдардың тікелей қатысуымен әзірленіп жатқан жаңа әлеуметтік кодекс жұмыс үстінде екенін хабардар етті. Үкімет мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы азаматтық сектордың балама баяндамаларын мұқият зерттеп жатыр. Сенатор сондай-ақ ұлттық және балама баяндамаларды дайындауға индикативтік тәсілді енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте бағалау бірыңғай критерийлерге негізделуі тиіс.

«Азамат әлеуеті» қайырымдылық қорының өкілі баламалы баяндаманы дайындауға қордың қатысуы туралы тезиспен сөз сөйледі.

Бала құқықтары жөніндегі Омбудсмен өз сөзінде сапалы медициналық көмек пен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған даму бағдарламаларын кеңейту қажеттігіне назар аударды. Оның пікірінше, ересек жастағы мүгедектігі бар адамдардың пайызы бала кезіндегі ауруларды емдеудің арқасында айтарлықтай азайтылуы мүмкін.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе әйелдердің, оның ішінде мүгедектігі бар әйелдердің мемлекет істерін басқаруға қатысу мәселелерін талқылау болды.

«Қадыр-Қасиет» ҚБ өкілі отырысқа қатысушылардың назарын әйелдердің теңсіздігі мен кемсітушілігін жою, бизнестегі әйелдерді қолдау шараларын күшейту қажеттігіне аударды, сондай-ақ СІМ мен тиісті мемлекеттік органдарға адам құқықтары саласындағы бастамалар бойынша қабылданған және қол жеткізілген шаралар туралы тоқсан сайын сайттарда орналастыруды ұсынды.

Күн тәртібінің үшінші тармағы аясында азаматтық белсенді, бірінші топтағы көру бойынша мүгедек Мұсағали Дауылов Қазақстанда үкіметтік интернет-ресурстарда мемлекеттік тілдің сөйлеу синтезінің болмауы проблемасы туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Бұл технологияның болмауы, оның пікірінше, мүгедек адамдардың азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен негізгі бостандықтарын, соның ішінде пікір білдіру және сенім білдіру бостандығын, сондай-ақ ақпаратты іздеу, алу және тарату бостандығын іске асыруына кедергі келтіреді. М.Дауыловтың ұсынымдарын ККО мүшелері бірауыздан қолдады және ҚР құзыретті мемлекеттік органдары желісі бойынша одан әрі пысықтау үшін ұсынылды.

Ашық және продуктивті сипатта өткен келесі талқылау шеңберінде қатысушылар аталған салаларда реформаларды іске асырудың көптеген нақты ұсыныстары мен әдістерді ұсынды.

Іс-шара соңында Ү. Сүлеймен қатысушыларға алғысын білдіріп, өкіметтің барлық тармақтарының азаматтық сектормен бірге еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайту үшін белсенді бірлескен жұмысын жалғастыруға шақырды.

Отырысқа дәстүрлі түрде ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, адам құқықтарын қорғау саласында белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ алаң қонақтары - БҰҰ Даму бағдарламасы, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, ЮСАИД Астанадағы АҚШ пен Канада елшіліктері мен өкілдері қатысты.