Мәскеуде Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті

Мәскеуде Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті

Мәскеу, 2022 жылғы 22 қыркүйек -  Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті.

Іс-шара барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Атап айтқанда, екі ел арасында дәстүрлі сенімді саяси диалог орнағаны, екіжақты көпжоспарлы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі қалыптасқаны атап өтілді.

Сонымен қатар, мемлекет және үкімет басшыларының, сондай-ақ сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шараларға, Орынборда ү.ж. қарашада өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына және басқа да жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларға дайындық барысы қаралды. Кездесу барысында екі елдің ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимылының перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Тараптар келесі жылы Қазақстан астанасында кезекті сімаралық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.