Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма бірінші отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының  жүз жиырма бірінші отырысын өткізу туралы

2022 жылғы 12-16 қыркүйекте Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма бірінші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарау мен бекітуді жалғастырды,
2022 жылы атқарылған далалық демаркациялық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылады, сондай-ақ алдағы жылы далалық және камералдық жұмыстардың жоспарларын талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.