СІМ-де Кувейттің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

СІМ-де Кувейттің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 11 тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Омар әл-Кандариді қабылдап, кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Ә.Тұрсынов шетелдік дипломатты тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы жұмысы Қазақстан мен Кувейт арасындағы байланыстардың одан әрі дамуына септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Екі мемлекет арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дәйекті өзара іс-қимылы атап өтілді. Екіжақты сауда және инвестициялық қызметті одан әрі тереңдетудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібінің барлық негізгі мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан мен Әл-Кувейт ұстанымдарының жақындығын немесе сәйкестігін, көпжақты алаңдардағы, соның ішінде БҰҰ және ИЫҰ секілді халықаралық ұйымдардағы тиімді өзара іс-қимылды атап өтті.