Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Сингапурмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Сингапурмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 13 шілде – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі (резиденциясы Сингапурда) Зулкифли Бахарудинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екіжақты сауда мен инвестициялар серпінінің қалпына келуі қанағаттанушылықпен атап өтілді. 2022 жылғы қаңтар-мамыр кезенінде Қазақстанға Сингапурдан тауарлар импорты 14,28 млн АҚШ долл. (+20,5%), ал Қазақстаннан Сингапурға экспорт 782,5 млн АҚШ долл. (+233,8%) құрады. Қазіргі таңда, Қазақстан аумағында Сингапур капиталының қатысуымен 100-ден астам заңды тұлғалар, филиалдары мен өкілдіктері тіркелген.

ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары қазақстандық тараптың Сингапурмен құрылыс, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, қаржы салаларында ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді, сондай-ақ сингапурлық компанияларды АХҚО-мен ықпалдастықты кеңейтуге шақырды.

Тараптар жоғарғы деңгейдегі саяси диалогты және  парламентаралық өзара іс-қимылды жалғастыруға, сонымен қатар сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.