Қазақстан ТМҰ-ға мүше-мемлекеттердің СІМ саяси жоспарлау департаменттерінің бірінші консультацияларына қатысты

Қазақстан ТМҰ-ға мүше-мемлекеттердің СІМ саяси жоспарлау департаменттерінің бірінші консультацияларына қатысты

Ыстанбұл, 2022 жылғы 24 маусым – Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) төрағасы ретіндегі түрік тарапының бастамасымен Ұйымға мүше және байқаушы мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің саяси жоспарлау департаменттері директорларының қатысуымен алғашқы консультациялар өтті. Консультацияларға мүше мемлекеттердің – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ байқаушы ел – Мажарстанның өкілі қатысты. Қазақстандық тараптан ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаменті директорының міндетін атқарушы Әмір Сұлтанғожин қатысты. 

Ұйым аясындағы іс-шарада ТМҰ Бас хатшысының орынбасары және мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттің саясатын жоспарлау жөніндегі мамандар Еуропа мен Азиядағы саяси және экономикалық үрдістерді, ТМҰ-ның өңірлік рөлін, сондай-ақ қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар жаһандық стратегиялық күн тәртібін ескере отырып, ықтимал бірлескен шараларды қарастырды және алдағы уақытта тұрақты кездесулер өткізуге келісті.