Қазақстан сыртқы істер министрі ҰҚШҰ СІМК-ке қатысты  

Қазақстан сыртқы істер министрі ҰҚШҰ СІМК-ке қатысты  

2022 жылғы 10 маусым, Ереван – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Қазақстан СІМ Басшысы өз сөзінде отырысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен республикалық референдум және елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы хабардар етті.

Қазақстан ҰҚШҰ-ны барлық мүше мемлекеттердің мүдделерін есепке алу негізінде үдемелі дамыту мен нығайтуға бейілді болып қалады, Ұйымның қызметін одан әрі жетілдіруге және оның халықаралық имиджін нығайтуға ниетті.

Іс-шара барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және ағымдағы қызметтің кең ауқымды мәселелерін қарастырып, Ұйымның бұдан арғы дамуын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер ҰҚШҰ аясындағы сарапшылық консультациялардың алдағы үш жылдық кезеңге арналған жоспарын бекітті және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Іс-шара щеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қабылдады.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және халықаралық өңірлік ұйым болып табылатыны, әрі оның құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретіні белгілі.

Сыртқы істер министрлері кеңесінде төрағалық ету ҰҚШҰ-да қабылданған ротациялық принципке сәйкес ағымдағы жылы Армения Республикасына жүктелген.