ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 7 маусым – Бейнеконференциялық байланыс форматында қазақстандық тараптың төрағалығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXIX отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Кеңес отырысына бақылаушы ретінде алғаш рет Түркіменстан өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларын орындаудың жекелеген мәселелерін талқылады, 1993 жылғы 22 қаңтардағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенцияны, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жасасқан басқа да конвенцияларды, оның ішінде екіжақты консулдық конвенцияларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Консультативтік кеңестің қатысушылары конвенциялардың тиісті ережелері шеңберінде өздері берген құжаттарды өзара тану мәселелері бойынша Тараптардың уәкілетті органдары арасында тиісті ақпарат алмасу қажеттілігін мойындады. Қазіргі заманғы байланыс арналарын пайдалана отырып, соның ішінде ТМД мемлекеттерінің әділет органдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды. Көрсетілген конвенцияларды іске асыру шеңберінде қарым-қатынасқа уәкілетті құзыретті органдардың тізбесін өзектендіруді жалғастыруға уағдаласты.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатындарға, білім алушыларға және еңбек қызметін жүзеге асыратындарға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелерін қарастырды.

Консультативтік кеңестің кезекті отырысын 2023 жылы Қырғызстанның төрағалығымен Бішкекте өткізу жоспарланып отыр.