АҚШ Конгресінің қызметкерлері Қазақстанға сапармен келді

АҚШ Конгресінің қызметкерлері Қазақстанға сапармен келді

 

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 маусым – АҚШ Конгресі қызметкерлерінің (стафферлерінің) өкілетті делегациясы Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық диалогты жандандыру мақсатында осы аптада Атырау, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барды.

Сапар барысында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанмен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен, Президенті Әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі, өзге де мемлекеттік органдары, іскерлік топтар және азаматтық қоғамның өкілдерімен кездесулер өтті.

Стафферлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформаларға оң баға беріп, оларды одан әрі жүзеге асыруда және алдағы референдумды өткізуде сәттілік тіледі.