ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды қолдады

ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды қолдады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 3 маусым – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесуі өтті.    

ҚР сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары ШЫҰ Бас хатшысын лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

А. Рахметуллин 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселелері жөніндегі республикалық референдумға ШЫҰ Байқаушылар миссиясының құрамына Чжан Миннің қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық дипломат Шанхай ұйымы миссиясының сайлауға қатысуы ШЫҰ шеңберіндегі өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығының жоғары деңгейінің көрсеткіші екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Чжан Мин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға берді. Конституциялық өзгерістер елімізді жаңа сапалы деңгейге шығарып және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының жақсаруына әкелетініне сенімін білдірді. 

Келіссөздер барысында тараптар көпжоспарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасылды, сондай-ақ 2022 жылғы күзінде Самарқандта өтетін ШЫҰ елдері көшбасшыларының алдағы Саммитіне дайындық мәселелері қарастырылды.