Қазақстан мен Малайзия сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Малайзия сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 25 мамыр - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары Камарудин Джаффармен келіссөздер жүргізді.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Тараптар жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру, екіжақты кезекті саяси консультациялар мен Бірлескен сауда-экономикалық комитет отырыстары мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді».

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомство басшыларының орынбасарлары дипломатиялық қарым-қатынастардың орнаған 30 жылдағы жетістіктерін атап өтіп, Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.