Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысырдың Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мысырдың Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 19 мамыр - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Елшісі Манал Эль Шиннавимен кездесті.

Келіссөздер барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы және одан әрі дамытудың келешегін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, олардың ішінде БҰҰ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы және Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында екі ел арасындағы өзара ықпалдастығын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Нұр-Сұлтан мен Каир арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға келісті.