Қазақстан мен Украина СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Украина СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 29 сәуір - Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.