СІМ басшысы Отандастар қорының жаңа басшысын таныстырды

СІМ басшысы Отандастар қорының жаңа басшысын таныстырды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 29 ақпан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Отандастар қоры» КЕАҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Министрдің бұйрығымен Абзал Сапарбекұлы осы ұйымның президенті болып тағайындалды.

А. Сапарбекұлы жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін 2017 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстанның Түркиядағы Елшісі болған. 2000 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында жұмыс істейді, сондай-ақ түркітілдес елдердің ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қазақстандық ұлттық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар.

Министр М.Тілеуберді Қор басшылығы мен ұжымы алдында ұйым қызметінің негізгі міндеттері мен мақсаттарын, атап айтқанда шетелдік және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз етуді белгіледі. «Біз қандастарымызға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету, шетелдегі қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз қажет», - деді СІМ басшысы.

Отандастар қорын құру туралы алғаш рет Н.Назарбаев 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында айтқан болатын.

Қоғамның міндеттеріне шетелдерде тұратын отандастардың және Қазақстан Республикасына оралған этникалық қазақтардың бейімделуі мен кірігуі тұрғысында қызмет көрсету, сондай-ақ байланысты қолдау және орнату, отандастарға консультативті-құқықтық, ақпараттық-талдамалы қолдау көрсету үшін үшін отандастардың қоғамдық ұйымдармен, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ақпарат алмасу кіреді.

 Бүгінде шет елдердегі қазақ қауымдары жинақы тұратын жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және тарихи отанымен байланысын қолдау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру, кейбір елдердегі мәдени-іскерлік үйлері платформасының желісін кеңейтуге бағытталған жұмыс нәтижелі жүргізілуде.