ҚР СІМ-де жаңадан тағайындалған басшылар таныстырылды

ҚР СІМ-де жаңадан тағайындалған басшылар таныстырылды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 25 сәуір – Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының ұжымына ҚР саяси қызметшісінің антын берген Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев таныстырылды. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, өз халқына адал қызмет етуге ант берді.

СІМ ұжымына сондай-ақ жаңадан тағайындалған Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Жалғас Әділбаев, Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов, Орталық Азия департаментінің директоры Нұржан Каджиақбаров, Еуразиялық интеграция департаментінің директоры Жәнібек Иманәлиев және Заң қызметі департаментінің директоры Жандос Бұхбантаев таныстырылды.

Өз кезегінде, ҚР министрінің бұрынғы орынбасары Марат Сыздықов әріптестеріне бірлескен жұмыс үшін және мемлекет басшылығына ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі ретінде тағайындауға байланысты сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

Министр М.Тілеуберді оған және ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелерінің жаңадан тағайындалған басшыларына жұмыста табыс тіледі.