2019 жылғы 18 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 17-отырысы өткізілді.
Комиссия отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық және басқа да сыртқы саяси бастамаларын іске асыру, елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ экспорттық бақылау желісі мен халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін күшейту тақырыптары болды.
Сонымен қатар, Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Төмен байытылған уран банкін ашу және тиісті мамандарды дайындау мәселелері Комиссия қызметінің бақылауында.
Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары бұдан бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлады.