Қазақстан мен Эстония СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы  

Қазақстан мен Эстония СІМ басшыларының   телефон арқылы сөйлесуі туралы   

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 10 наурыз – Эстония тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Эва-Мария Лийметспен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер өзекті халықаралық мәселелер мен  Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен ағымдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды үйлестіруге келісті. Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.