Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы туралы

 

2022 жылғы 21 ақпан – 4 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 93-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді және бекітуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы 14-18 наурызда Өзбекстан Республикасының аумағында жоспарланған.