Қазақстан мен Үндістан өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады

Қазақстан мен Үндістан өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады

НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкармен кездесу өткізді. 

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан-Үндістан өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Министрлер сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының жұмысын жандандыру қажеттілігіне келісті. Комиссияның кезекті отырысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында Делиде өтеді.

Сұхбат барысында М. Тілеуберді үндістандық тарапқа Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінде қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістетуге көмектескені үшін ризашылығын білдірді.