Қазақстан мен Либия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Либия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 8 ақпан – Либия тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Либия Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Наджла Мухаммед Аль-Мангушпен телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ және АҚИҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.