Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 3 ақпан – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылына қатысты, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және әлеуметтік реформаларды іске асыру шеңберіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады.

М.Фриберг-Стори БҰҰ елдік тобының ағымдағы жобаларының орындалу барысы туралы хабардар етіп, ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыруға белсенді атсалысуға дайындығын білдірді.

Өзара іс-қимылдың басымдықтары ретінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, оның ішінде кедейлік пен әлеуметтік теңсіздікті азайту, климаттық күн тәртібі, адам құқықтарын қорғау атап айтылды.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында А.Рахметуллин БҰҰ өкіліне елімізге үнемі қолдауы үшін алғыс айтып, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» естелік медалін табыс етті.

Өз кезегінде, Тұрақты үйлестіруші ел басшылығына тиімді ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы берік және сенімді қарым-қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.