2017 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толады. Астана мен Лиссабон арасында ширек ғасыр ішінде достық пен өзара түсіністікте дамыған ынтымақтастық өзара тиімді және үдемелі сипатқа ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы Португалияға және Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары П.Порташтың 2014 жылғы Қазақстанға сапарлары екіжақты қарым-қатынастардың маңызды кезеңдері болды. Екі елдің сыртқы саяси және салалық ведомстволары арасындағы байланыстар нығаюда. 2012 жылы сыртқы істер министрліктері арасында алғашқы консультациялар өтті. 2015 жылы Астанада Португалия Елшілігінің ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін берді. Экономикалық байланыстар дәйекті дамуда. Екі ел іскер топтарының Астанада және Лиссабонда тұрақта негізіндегі кездесулері өзара тиімді әріптестік үшін жаңа тауашаларды біртіндеп ашуда. Энергетика (баламалы энергетиканы қоса алғанда), электроника, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, фармацевтика, инфрақұрылымдық құрылыс және жеңіл өнеркәсіп салалары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары болып табылады. Қазақстан мен Португалия халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұқсас немесе бірдей ұстанымдарды ұстанатын БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимыл да ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Қазақстан Португалиямен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және жан- жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бейілді.