Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаев Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды  

Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаев Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды   

Копенгаген, 2022 жылғы 21 қаңтарҚазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртаев Дания Патшайымы Маргрета II сенім грамоталарын табыстады.

Тапсыру рәсімі салтанаты «Амалиенборг» корольдік сарайында өтті.

Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін жеткізіп, Маргрета II таққа отыруының 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Патшайым барлық қазақстандықтарға ізгі ниетін білдіріп, Елшіге  Қазақстан мен Дания арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жолында табысты және жемісті жұмыс тіледі.